Otpan News Logo

«Каспий» баскетбол клубы өз тарихында алғаш рет ел чемпионы атанды

|
01.06.2026 09:17
«Каспий» баскетбол клубы өз тарихында алғаш рет ел чемпионы атанды
"Астана" БК баспасөз қызметі

Баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалында елордалық «Астана» мен ақтаулық «Каспий» командалары кездесіп, жерлестеріміздің мерейі үстем болды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Финалдық серияның шешуші бесінші ойыны елордадағы «Астана» кәсіби баскетбол клубы академиясының алаңында өтіп, қосымша уақытта ақтаулық ұжымның 89:87 есебімен жеңісімен аяқталды. Осылайша, «Каспий» финалдық серияда 3:2 есебімен басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.


Бұл – ақтаулық клубтың тарихындағы алғашқы чемпиондық атағы. Бұған дейін жерлестеріміз Қазақстан кубогын жеңіп алған болатын.


Чемпиондық титулдар саны бойынша ақтаулықтар «Тобыл» және «Ирбис-Алатау» клубтарымен теңесті.


Ал «Астана» Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең титулды команда болып қала береді. Елордалық клубтың қоржынында 12 чемпиондық атақ бар.

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!