Otpan News Logo

Ақтауда қауіпсіздікті енді робот-иттер бақылайды

Ақтауда қауіпсіздікті енді робот-иттер бақылайды

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіне жаңа технологиялар енгізіле бастады. Енді қала көшелері мен қоғамдық орындарда робот-иттер патруль қызметіне тартылады, деп хабарлайды otpannews.kz МО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Заманауи роботтандырылған платформалар құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті бақылау және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында қолданылады. Арнайы кешендер бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған және нақты уақыт режимінде ақпаратты Жедел басқару орталығына жолдай алады.


Мамандардың айтуынша, робот-иттер күдікті заттарды анықтап қана қоймай, түтін мен өрт белгілерін де тіркей алады. Қауіпті жағдай анықталған сәтте жүйе автоматты түрде шұғыл қызметтерге белгі береді.


Бұдан бөлек, болашақта роботтандырылған платформаларды арнайы операциялар мен антитеррористік іс-шараларда пайдалану жоспарланып отыр. Қосымша жаңғырту жұмыстарынан кейін олар қауіпті аумақтарды қашықтан тексеріп, күмәнді заттарды адам өміріне қауіп төндірмей жылжытуға мүмкіндік береді.


Мамандардың пікірінше, цифрлық технологияларды енгізу қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін арттырып, ықтимал қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға жол ашады.


Айта кетейік, бұған дейін робот-иттер Астана мен Алматы қалаларында енгізілген болатын. Енді мұндай жоғары технологиялық құрылғылар Ақтау тұрғындары мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де қызмет етеді.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!