Otpan News Logo

Маңғыстауда прокуратура бірегей зауыттың шикізат мәселесін шешуге көмектесті

|
29.05.2026 15:22
Маңғыстауда прокуратура бірегей зауыттың шикізат мәселесін шешуге көмектесті

Маңғыстау облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, арматура өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асырып жатқан «Hadid» ЖШС-ға қолдау көрсетті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, жобаға салынған инвестиция көлемі 250 млн теңгені құрайды, 35 жұмыс орнын ашу көзделген. Жобаның бірегейлігі – мұнай өндіруде пайдаланылған сорғы штангаларын құрылыс арматурасына қайта өңдеуде. Бұл технология қайталама ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық жүктемені төмендетуге және құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамытуға ықпал етеді.

 

- Анықталғандай, жобаны іске асыру барысында инвестор шикізаттың (қара металл сынығының) тапшылығына тап болып, бұл өндірістің тұрақтылығына қауіп төндірген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде «Hadid» ЖШС мен «Қаражанбасмұнай» АҚ арасында қажетті шикізатты жеткізу жөнінде меморандум жасалып, жобаны одан әрі іске асыру қамтамасыз етілді, - делінген хабарламада. 


Маңғыстау облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (701) 333-13-12,+7 (700) 215-06-72 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

37
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!