Otpan News Logo

Әр азаматтың қауіпсіз өмірі – мемлекет үшін ең маңызды құндылықтардың бірі

|
05.11.2026 10:58
Әр азаматтың қауіпсіз өмірі – мемлекет үшін ең маңызды құндылықтардың бірі
Akorda

Мен көпбалалы ана ретінде жаңа Конституцияға қатысты айтарым: әрбір баланың жарқын болашағы, әр отбасының берекесі мен әр азаматтың қауіпсіз өмірі – мемлекет үшін ең маңызды құндылықтардың бірі деп білемін.


Мықты мемлекет адамды және оның еңбегін құрметтеуден басталады. Конституция – еліміздің берік негізі, халықтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Әсіресе, ана мен баланың құқығы, отбасы құндылықтары, әлеуметтік қолдау, сапалы білім мен қолжетімді медицина мәселелері әрдайым назарда болуы керек.


Жаңа Конституцияның 30-бабында «Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады», деп жазылған. Бұл әрбір отбасының қауіпсіздігіне кепілдік береді.


Көпбалалы ана ретінде мен үшін ең бастысы – балаларымыздың алаңсыз өсіп, сапалы білім алып, ертеңгі күні өз орнын табуына мүмкіндік болуы. Әрбір отбасы өзін қорғалған әрі қоғамға қажет екенін сезінуі тиіс.


Заң халықтың игілігіне қызмет етіп, әр азаматтың дауысы ескеріліп, құқығы қорғалса, елге деген сенім де арта түседі. Жаңа Конституцияның мәні де адамға құрметпен қарап, әділдік пен жауапкершілікті нығайтуда деп ойлаймын.


Біздің бүгінгі тілегіміз – балаларымыздың болашағы жарқын, отбасыларымыз аман, еліміз тыныш әрі әрбір азаматтың еңбегі бағаланатын қоғамда өмір сүру.


Гүлжанат Табылғанова, 

Күміс алқа иегері

18
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!