Экономикалық қауіпсіздік пен заңдылық – Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі басты бағдарлар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік үдерістерді цифрландыруға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған стратегиялық міндеттерді белгілейді.
Мемлекет басшысының бюджет қаражатының пайдаланылу ашықтығын қамтамасыз ету, көлеңкелі экономикаға қарсы күресу, заманауи цифрлық технологияларды енгізу және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі тапсырмалары қаржылық мониторинг органдарының қызметі үшін ерекше маңызға ие.
Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Президент айқындаған басымдықтарды қолдай отырып, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және олардың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырады.
Атап айтқанда, қаржы пирамидаларына, заңсыз қаржылық операцияларға, бюджет қаражатын жымқыруға қарсы іс-қимылға, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға басымдық беріледі.
Мемлекет басшысының бастамаларын жүйелі түрде жүзеге асыру әділетті, қауіпсіз әрі экономикалық тұрғыдан орнықты Қазақстанды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болатынына сенімдімін.
Бауыржан Асанов,
Маңғыстау облысы бойынша
Экономикалық тергеп-тексеру департаменті
Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы