Otpan News Logo

Ақтауда 20А шағын ауданындағы абаттандыру жұмыстары аяқталды

|
05.11.2026 16:17
Ақтауда 20А шағын ауданындағы абаттандыру жұмыстары аяқталды

OTPANNEWS.KZ. - Ақтау қаласының 20А шағын ауданында инженерлік желілерді тарту және абаттандыру жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Жоба аясында су, кәріз және жылу жүйелерінің жаңа инженерлік желілері тартылып, жарық бағаналары орнатылды. Сонымен қатар 1 шақырымға жуық автокөлік және жаяу жүргіншілер жолы салынды. Жол таңбалары сызылып, жол белгілері орнатылды.

– Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Нысанды белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар алдағы уақытта аумақты жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылатын болады, – деді Ақтау қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Самат Қылышбай.
9
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!