Otpan News Logo

Кендірлі әуежайының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Кендірлі әуежайының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
мұрағат

OTPANNEWS.KZ. – Маңғыстау облысындағы Кендірлі әуежайының құрылысын биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ал жолаушылар тасымалы келер жылдың алғашқы жартыжылдығында басталуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.


Оның айтуынша, Кендірлімен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан және Қатонқарағай аудандарында да жаңа әуежайлар салынып жатыр. Үш нысанның құрылысы 2024 жылы басталған.


Бірінші вице-премьердің сөзінше, Зайсан мен Кендірлідегі әуежайлардың құрылысын жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Ал Қатонқарағайдағы әуежай келер жылдың ақпан айында пайдалануға берілуі тиіс.


«Өткен маусым айында мен үш әуежайдың да құрылысымен таныстым, тиісті тапсырмаларын бердім. Қазір әкімдер де оны күнделікті қадағалап отыр. Зайсан мен Кендірлідегі әуежайдың құрылысын осы жылдың соңында толық аяқтаймыз деп отырмыз. Ал Қатонқарағайдағы әуежайды келесі жылдың ақпан айында ел игілігіне табыстайтын боламыз. Бір айта кететін жайт, ертең құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін де оның құжаттарын рәсімдеп, лицензиялар алу керек, сондықтан әуе кемелерін қабылдау, жолаушылар тасымалдау алдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында басталады», – деді бірінші вице-премьер.
62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!