Otpan News Logo

Каспийден табылған өлі құстар: Инспекция жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

|
11.02.2026 12:04
Каспийден табылған өлі құстар: Инспекция жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Көрнекі сурет (Ашық дереккөзден)

Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауында табылған аққулардың қырылуына қатысты қосымша дерек пайда болды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 8-9 ақпан күндері Ақтау қаласының теңіз жағалауында мониторинг жүргізілген. Аталған тексеріс кезінде барлығы 11 аққудың өлі денелері 14, 4 а ш/а және «Приморский» шағын ауданы жағалауларынан табылып отыр. 

 

«Осыған байланысты аққу құстарының өлі денелерінен және судан тиісті сынамалар алу, өлген денелерді арнайы орындарда жою үшін облыстық ветеринария басқармасына, экология департаментіне, Ақтау қаласы әкімдігіне хаттар жолданды. Қазіргі уақытта ветеринария және экология мамандары тиісті сынамаларды алынды», - деді инспекция басшысы Ғаббас Досатов. 


Ал 10 ақпан күні Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылындағы теңіз жағалауынан инспекция қызметкерлері және аудандық ветеринария мамандарымен мониторинг жүргізу кезінде 9 аққудың өлексесін тапқан. 


«Аудандық ветеринария мамандары өлген аққу құстарынан сынамаларын және экология департаменті маманы теңіз суынан сынамаларын алды. Құстардың өлі денелері арнайы орында аудандық ветеринария мамандарымен өртеніп, жойылды», - деді Ғаббас Досатов. 


Қазіргі уақытта облыс аумағында 25 мың шамасында аққу құстары мекендесе, оның басым бөлігі Солтүстік Каспий аймағындағы аралдарға қоныстанған. Сондай-ақ, «Қаракөл» көлінде 3,5 мың бас шамасында аққу құстары шоғырланғаны мәлім болып отыр. 


«Қазіргі таңда аққу құстарының жаппай өлімі тіркелген жоқ. Мониторинг жұмыстары жалғасуда, жағдайға байланысты қосымша ақпарат жолданатын болады», - деді инспекция басшысы.


Айта кететін жайт, 2023 жылдың соңы мен 2024 жылдың басында Каракөлде аққулардың қырылу дерегі тіркеліп, олардың саны мыңнан асқан еді.

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!