Otpan News Logo

Мұнайлы ауданында «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» акциясы өткізілді

|
24.11.2026 13:52
Мұнайлы ауданында «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» акциясы өткізілді

OTPANNEWS.KZ.- Мұнайлы ауданының №15 жалпы орта білім беретін мектебінде «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» акциясы аясында танымдық-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.


Іс-шараға Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Нұрмұхан, Батыр ауылдық округінің әкімі Сауыт Айтбаев және Мұнайлы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысты.


Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру, күнделікті өмірде кездесетін өрт қаупінің алдын алу жолдарын үйрету, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, түрлі конкурстық сұрақ-жауаптар арқылы оқушылардың қауіпсіздік саласындағы білімін жетілдіруге басымдық берілді.


Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігіне қатысты қойылған сұрақтарға белсенді әрі дұрыс жауап берген оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.


Акцияға жалпы саны 120-ға жуық 7–8-сынып оқушысы мен 26 педагог қатысты.


Іс-шараның басты ерекшелігі – оқушылар мен мектеп ұжымына өрт туындаған жағдайда алғашқы әрекет ету тәртібі, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жолдары және алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану тәртібі бойынша арнайы демонстрациялық көрсетілімдер ұсынылды. Қатысушыларға өрт сөндіргіш құралдарды іс жүзінде қолдану тәсілдері түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.


Сонымен қатар, акция аясында оқушылар Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен, өрт сөндіру-құтқару техникаларымен және арнайы жабдықтарымен танысты. Кинологиялық есептоптың жұмысы таныстырылып, қызметтік иттердің іздестіру-құтқару бағытындағы мүмкіндіктері көрсетілді.


Мұндай профилактикалық іс-шаралар балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және өрт кезіндегі сауатты әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталған.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!