Главная | Маңғыстау жаңалықтары
Қарақияда газ талдағыш құралдар орнатылып, жылыту қазандығы тексерілді
OTPANNEWS.KZ. - Қарақия аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «QazaqGaz Aimaq» АҚ өкілдерімен бірлесіп, жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара барысында тұрғын үйлердегі жылыту қазандықтарының жай-күйі тексеріліп, газ талдағыш құралдар орнатылды.
Сонымен қатар тұрғындарға жылыту қазандықтарын қауіпсіз пайдалану, газдан уланудың алдын алу, газ жабдықтарының ақаусыздығын қадағалау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қарақия аудандық төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды жылыту маусымында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
37
Басты жаңалықтар
Танымал
24.11.2026 10:58
24.11.2026 10:55
24.11.2026 10:51
24.11.2026 10:23
24.11.2026 10:00
24.11.2026 09:59
24.11.2026 09:57
24.11.2026 09:48
24.11.2026 09:29
24.11.2026 09:29
24.11.2026 09:13
24.11.2026 09:09
23.11.2026 19:10
23.11.2026 19:08
23.11.2026 17:48
23.11.2026 17:16
23.11.2026 17:14
23.11.2026 16:31
23.11.2026 14:51
23.11.2026 14:40
20.11.2026 09:11
19.11.2026 15:03
18.11.2026 19:12
18.11.2026 18:42
20.11.2026 09:16
18.11.2026 19:01
21.11.2026 12:57
20.11.2026 12:15
21.11.2026 15:57
20.11.2026 09:38
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев