Otpan News Logo

Ақтауда «SAMRUK CUP – 2026» республикалық футзал турнирі мәресіне жетті

|
24.11.2026 09:59
Ақтауда «SAMRUK CUP – 2026» республикалық футзал турнирі мәресіне жетті

OTPANNEWS.KZ. - Ақтауда «BS ARENA» спорт кешенінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының 20 жылдығына орай VII дәстүрлі «SAMRUK CUP – 2026» республикалық футзал турнирі өтті.


Биылғы додаға еліміздің әр өңірінен келген 16 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Үш күнге созылған жарыс тартысты кездесулерге толы болды.


Турнир қорытындысы бойынша Жаңаөзен қаласының «Samruk» командасы жеңімпаз атанды. Финалдық кездесуде жаңаөзендік футболшылар Ақтаудың «Мұрагер» командасын 5:1 есебімен жеңді. Осылайша, «Мұрагер» күміс жүлдеге ие болды.


Ал үшінші орын үшін өткен кездесуде ақтаулық «Caspiy Zhas» командасы Қарағанды қаласының «ТЧЭ-14» ұжымын 1:0 есебімен ұтып, қола жүлдені иеленді.


Турнирдің салтанатты жабылу рәсіміне Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Мекен Үйсенов және BS HOLDING компаниясының негізін қалаушы, спорт жанашыры Сұңғат Мұңалбаев қатысты. Салтанатты шара барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, үздік ойыншылар арнайы номинациялар бойынша құрметке бөленді.


Айта кетейік, «SAMRUK CUP» турнирі бұқаралық спортты дамытуға, футзалды кеңінен насихаттауға және еліміздің өңірлері арасындағы спорттық байланысты нығайтуға бағытталған. Мұндай республикалық жарыстардың Ақтау қаласында ұйымдастырылуы өңірдегі спорт саласының дамуына серпін беріп, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.

5
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!