Otpan News Logo

Елдегі үш мұнай өңдеу зауытының қуаты артады — Энергетика Министрі

|
04.11.2026 15:58
Елдегі үш мұнай өңдеу зауытының қуаты артады — Энергетика Министрі
Фото: Kazinform/ЖИ

Жұмыс істеп тұрған үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырту нәтижесінде автомобиль отынын өндіру көлемі ұлғайып, оның сапасы «К-5» стандартына дейін жақсарады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазды kaz.inform.kz.

— Биыл біз мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасын әзірледік. Оған сәйкес, жұмыс істеп тұрған үш зауыттың жалпы қуаттылығын жылына 18 миллион тоннадан 27,7 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр, — деді министр.

Сонымен қатар министр Ақтөбе облысында қуаты орташа мұнай өңдеу зауытын салу жобасы қарастырылып жатқанын айтты. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 2 миллион тонна болады.


Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, жаңа зауыт ішкі нарықты қамтамасыз етуге және Орталық Азия елдеріне өнім жеткізуге бағытталады. Жобаны жүзеге асыру шамамен екі жылға созылады. Бұл автомобиль отыны мен басқа да мұнай өнімдерін өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

— Қазір мұнай өнімдерін жеткізу кезінде қиындықтар туындап отыр. Біз ресурстық әлеуеті жоғары ел ретінде көршілес мемлекеттерді де мұнай өнімдерімен қамтамасыз ете аламыз. Жоба екі жылдан кейін аяқталады. Болашақта бұл тек автомобиль отынының ғана емес, авиациялық отынның да қосымша көлемін өндіруге мүмкіндік береді, — деп атап өтті Энергетика министрлігінің басшысы.

Бұдан бөлек, жоспарланған 27,7 миллион тонна өндірістік қуаттылыққа кірмейтін тағы бір мұнай өңдеу зауытын салу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Ақкенженовтің мәліметінше, қазіргі уақытта нысанның орналасатын жері таңдалып жатыр. Жоба бойынша шешім жақын арада қабылданады.

9
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!