Otpan News Logo

Ақтауда ауызсу тарату торабының қуаты артады

Ақтауда ауызсу тарату торабының қуаты артады

OTPANNEWS.KZ – Ақтаудағы ОСЖТ-4 орталық су тарату торабының өткізу мүмкіндігін арттыру үшін қосымша резервуар салынып жатыр. Сыйымдылығы 20 мың текше метр болатын нысан қаладағы жаңа шағынаудандарды ауызсумен қамтуға мүмкіндік береді.


Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров жұмыс сапары кезінде су тарату торабының жұмысымен танысты.


Қазір ОСЖТ-4 тәулігіне 16 мың текше метр ауызсу қабылдап, сақтап, қала тұрғындарына таратады. Ал салынып жатқан жаңа резервуар орталықтың су қорын ұлғайтуға және өткізу мүмкіндігін арттыруға тиіс.


Жұмыс барысын көрген облыс әкімінің орынбасары жауапты мекеме өкілдеріне құрылыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауды тапсырды.


«Ақтау қаласы қарқынды дамып, жаңа шағынаудандар бой көтеруде. Соған сәйкес тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету жүйесінің қуатын да арттыру қажет. Сондықтан жоспарланған жұмыстарды уақытылы жүзеге асырып, құрылыс қарқынын жеделдету және нысанды сапалы аяқтау қажет», – деді Бекбол Орынбасаров.
9
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!