Еркін кəсіпкерлік – экономикалық өсім кепілі
Президент Жолдауында кəсіпкерлікті дамытуға қатысты көтерілген бастамалар бизнес қауымдастығы үшін маңызды. Әсіресе шағын жəне орта бизнесті қолдау, кəсіпкерлерге тең мүмкіндік жасау жəне əкімшілік кедергілерді азайту мəселелері өзекті.
Мемлекет басшысының 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро жəне шағын кəсіпкерлік субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий енгізу мүмкіндігін қарастыру туралы ұсынысын ерекше атап өтуге болады. Бұл бастама жүзеге асса, кəсіпкерлерге түсетін əкімшілік қысымды азайтып, бизнестің тұрақты жұмыс істеуіне қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар бақылау жүйесін цифрлық форматқа көшіру де маңызды қадам болмақ.
Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына шағын жəне орта бизнестің қатысу мүмкіндігін кеңейту, жеткізушілерге қойылатын талаптарды жеңілдету жөніндегі ұсыныстар да отандық кəсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Маңғыстау өңірінде өндіріс, ауыл шаруашылығы, туризм, логистика жəне қызмет көрсету салаларын дамытуға əлеует бар. Сондықтан кəсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау, жергілікті бизнестің бəсекеге қабілеттілігін арттыру жəне мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану маңызды.
Кəсіпкерлер палатасы өз кезегінде бизнес өкілдерінің мүддесін қорғау, ұсыныстарын тиісті органдарға жеткізу жəне өңірлік кəсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Аққу АЙТЖАНОВА,
«Атамекен» өңірлік кəсіпкерлер палатасының директоры