Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтаудағы «Ақбота» саябағы толықтай жаңартылмақ

Махаббат Нұржанқызы
|
19.09.2025 11:50
Ақтаудағы «Ақбота» саябағы толықтай жаңартылмақ

Қала әкімімен кездесуде журналистер «Ақбота» саябағы мен өзге демалыс орындарының болашағы жөнінде сұрақ қойды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ақтау әкімі Әбілқайыр Байпақовтың айтуынша, саябақты қайта құру жобасы дайындалып қойған. Жоба жер қойнауын игеруші компаниялардың демеушілігімен жүзеге асады.


«Ақбота» саябағында заңсыз саудаға қатысты мәселе көп. Бұған дейін біз Приморский жағажайындағы рұқсатсыз шатырларды алып тастаған едік. Мұнда да дәл солай болады. Расында саябақта көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар табыс табу үшін сауда жасап, балаларға арналған көліктерді жалға беріп отыр. Бірақ саябақ жаңартылғанда, ол жерде ондай сауда болмайды. Оның орнына үлкен ойын-сауық аймағын ашып, аттракциондар қоямыз. Барлығы сол жаққа көшеді», – деді қала әкімі.


40-шағынаудандағы саябақтың абаттандырылуы жалғасып жатыр екен. Бұдан бөлек, 27, 12 және 7-шағынаудандарда серуен жолдары мен шағын бақтар салу жоспарланған.


Журналистер тұрғындардың Ботаникалық бақты халыққа ашу жөніндегі өтінішін жеткізді.


«Ботаникалық бақ мамандарының айтуынша, мұнда бірнеше жыл бойы сирек кездесетін өсімдіктер өсіріліп келеді. Сол себепті әзірге еркін кіруге мүмкіндік жоқ», – деді Әбілқайыр Байпақов.
28
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!