Otpan News Logo

Ақтауда серуендеу катері жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты

|
31.08.2026 10:44
Ақтауда серуендеу катері жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
Бейнежазбадан скриншот

Ақтауда серуендеу катері жартасқа соғылып, салдарынан екі адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 30 тамыз күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ақтау қаласының 5А шағын ауданы, «Нұртөбе» бизнес-орталығы маңындағы Каспий теңізінің жағалауында кешкі сағат 22:56 шамасында серуендеу катері жартасқа соғылғаны мәлім болды. 


Катердің бортында барлығы жеті адам отырған. Құтқарушылардың көмегімен бес адам жағаға шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлері тиісті көмек көрсетті. 


«Қалған екі адамның құтқару кеудешесі болмаған. Іздеу-құтқару жұмыстары барысында жағалаудан шамамен 500 метр қашықтықтан екі адамның денесі табылып, судан шығарылды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 35 қызметкері, 4 техникасы және 4 қайығы, полицияның 10 қызметкері мен 4 техникасы, Апаттар медицинасы орталығының 4 қызметкері мен 1 техникасы, сондай-ақ жедел жәрдемнің 5 бригадасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.
41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!