Әлемдік кино жұлдыз Джеки Чан Маңғыстауда жаңа блокбастер түсіреді
Әлемдік кино жұлдыз Джеки Чан және «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері Роберт Кун жаңа ірі киножобаның негізгі түсірілім алаңы ретінде Маңғыстауды ресми түрде бекітті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Киножоба өкілдері өңірдің табиғи және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен танысып, ондаған түсірілім алаңын аралап, негізгі табиғи нысандарды жан-жақты зерделеді. Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде бірегей ландшафттары, ауқымды панорамалары және табиғи ерекшелігі үшін «Доспехи Бога» фильмінің түсірілім орны ретінде Маңғыстау таңдалды.
Культке айналған фильмнің Маңғыстауда түсірілуі Қазақстанның киноиндустриясы үшін маңызды оқиға ретінде бағалануда. Жобаның жүзеге асырылуы еліміздің халықаралық кинематографиялық кеңістіктегі орнын нығайтып, өңірге инвестициялар тартуға, сондай-ақ креативті индустриялар мен туризм әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
Аталған жобаға осындай деңгейдегі халықаралық команданың қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, жергілікті мамандарды тартуға және Маңғыстаудың табиғи әрі мәдени мұрасын әлемдік аудиторияға кеңінен танытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.