Ақтауда қаламгер Маусымжан Диханбаевамен кездесу өтті
OTPANNEWS.KZ. - Ақтауда ұлт руханиятына үлес қосып, журналистика мен әдебиет саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған қаламгер Маусымжан Диханбаеваның 70 жас мерейтойына орай «Қара сөздің қадірін білген қаламгер» атты кездесу кеші өтті.
Кеш барысында мерейтой иесінің өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылып, журналистика саласындағы еңбегі, әдеби мұрасы және туған өлке тарихын зерттеуге қосқан үлесі туралы айтылды.
Маусымжан Диханбаева – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның ақпарат саласының үздігі. Ол ұзақ жылдар бойы баспасөз саласында еңбек етіп, Маңғыстау өңірінің тарихы мен рухани құндылықтарын насихаттап келеді. Қаламгердің «Сен бақыттың», «Көзайым», «Бұрғышылар», «Үш қиян» және «Маңғыстау қойны мың сан аңыз» атты еңбектері оқырманға кеңінен танымал.
Кездесу барысында қаламгердің әріптестері мен кеш қонақтары оның шығармашылық жолы туралы естеліктерімен бөлісіп, мерейтой иесіне ізгі тілектерін жеткізді.
Тағылымды кеш қаламгердің шығармашылығын дәріптеп, сөз өнеріне деген құрметті арттыруға бағытталды.