Otpan News Logo

Мемлекетіміздің болашағына жауаптымыз

|
26.11.2026 15:03
Мемлекетіміздің болашағына жауаптымыз

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жөніндегі өзгерістерге азамат ретінде бейжай қарамаймын. Себебі Конституция – әрбір қазақстандықтың өміріне тікелей қатысы бар негізгі заң. Онда мемлекеттің даму бағыты, қоғамдағы қарым-қатынастардың негізі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалады. Сондықтан Конституцияның мазмұны халықтың талап-тілегі мен заман сұранысына сай болғаны дұрыс деп есептеймін.


Мен үшін ең басты құндылықтар – елдегі бейбітшілік, тұрақтылық, қоғамдық келісім және халықтың әл-ауқаты. Әрбір азамат өзінің құқығы қорғалатынын сезініп, мемлекет тарапынан әділдік пен қолдауды көруі керек. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігі артып, ашықтық пен есептілік қағидаттары нығайғаны маңызды.


Жаңа Конституция еліміздің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты одан әрі нығайтады деп сенемін. Біз барлығымыз бір елдің азаматтары ретінде мемлекетіміздің болашағына жауаптымыз. Сондықтан заңды құрметтеп, ел бірлігін сақтап, Қазақстанның дамуы жолында ортақ күш жұмылдыруымыз қажет. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, халқымыздың болашағы жарқын болсын!»

 

Меруерт Нурекешова,

Қала тұрғыны

7
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!