Otpan News Logo

Маңғыстаулық оқушылар республикалық олимпиадада 17 медаль жеңіп алды

|
20.11.2026 13:40
Маңғыстаулық оқушылар республикалық олимпиадада 17 медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ. – Астана қаласында 16-20 қараша күндері ауыл мектептері оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Байқауда Маңғыстау облысының 28 оқушысы бақ сынап, оның 17-сі жеңімпаз және жүлдегер атанды.


Нәтижесінде маңғыстаулық оқушылар 7 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль иеленді. Ал командалық есепте облыс құрамасы I дәрежелі дипломмен марапатталды.


Алтын медаль иегерлері:


  • Қожабай Саятбек – Мұнайлы ауданы, №19 мектеп;
  • Есенбекқызы Құралай – Қарақия ауданы, мектеп-гимназия;
  • Алқожа Ақбота – Мұнайлы ауданы, №1 мектеп;
  • Мэлсбекқызы Аружан – Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейі;
  • Сағынбай Ақжібек – Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясы;
  • Төлеген Гүлсезім – Бейнеу ауданы, Боранқұл мектебі;
  • Амантай Мөлдір – Қарақия ауданы, №1 мектеп.


Күміс медаль иегерлері:


  • Қани Ботакөз – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейі;
  • Есжан Сымбат – Мұнайлы ауданы, Ш. Мұңалұлы атындағы №5 мектеп;
  • Жаумутбай Аружан – Жаңаөзен қаласы, №11 мектеп;
  • Нуржанов Рахымжан – Бейнеу ауданы, Бейнеу мектебі;
  • Мусагулова Анель – Мұнайлы ауданы, №12 мектеп.


Қола медаль иегерлері:


  • Абдрахман Элеонора – Мұнайлы ауданы, №9 мектеп;
  • Жеменей Айхан – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейі;
  • Нұргелді Балнұр – Қарақия ауданы, №8 мектеп;
  • Омирбай Бота – Мұнайлы ауданы, №12 мектеп;
  • Нурлыбаева Севинч – Мұнайлы ауданы, №12 мектеп.


Олимпиада қорытындысы бойынша І орын иегерлеріне 150 мың, ІІ орын алғандарға 100 мың, ІІІ орын иегерлеріне 50 мың теңгеден ақшалай сыйақы табысталды.


Бұл жетістік – оқушылардың табандылығы мен ұстаздардың жүйелі еңбегінің нәтижесі. Маңғыстаулық жас дарындардың республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетуі өңірдегі білім беру саласының әлеуетін танытады.


35
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!