Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда қайырымдылық жобаларына үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды

Гүлмира Аманжолқызы
|
04.09.2025 20:02
Ақтауда қайырымдылық жобаларына үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды

5 қыркүйек - халықаралық қайырымдылық күні. Осыған орай, қайырымдылық жобаларында белсенділік танытып жүрген бірқатар кәсіпкерге Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақовтың атынан алғыс хаттар табысталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қоғамға жанашырлықпен үлес қосып жүрсіздер, еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Бұл - тек материалдық қолдау емес, адамгершіліктің және ізгілікке шақырудың белгісі. Ақтауымыз осындай игіліктермен танылып, жақсы істерімен ерекшелене берсін, – деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп марапатты табыстау рәсімінде.


Марапатталғандар қатарында «Ақтау қалалық халықаралық әуежайы», «Aisha Demir Игілік», «Гуна-Актау», «Tandir House», «ҚазТрансОйл», «Турист», «Ақтау қайырымдылық қоры», «Бриз-Актау» және «Kinoplexx Aktau» секілді мекемелердің өкілдері бар. 


Құрметке бөленген азаматтар қала басшылығына алғысын айтып, алдағы уақытта да игі істерді жалғастыра беретіндерін жеткізді.

89
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!