Ақтауда тағам фестивалі өтеді
АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – 7 қараша күні теңіз жағалауындағы амфитеатрда Qasyq FoodFest фестивалі ұйымдастырылады.
Фестиваль бағдарламасында түрлі ойын-сауық шаралары мен концерттік бағдарлама бар. Кеш қонағы ретінде танымал әнші Дастан Оразбеков өнер көрсетеді.
Сонымен қатар келушілер Qasyq жеткізу мейрамханасының ас мәзіріндегі тағамдардан дәм тата алады. Шара барысында арқан тарту, армрестлинг және қолөнер ойындары ұйымдастырылып, фотобудка жұмыс істейді.
Балалар үшін де арнайы ойын-сауық алаңдары қарастырылған. Онда аниматорлар қызмет көрсетіп, аквагрим, сырғанақ, үлкен мөлдір шар және сурет салу алаңы ұсынылады. Бұдан бөлек фестиваль қонақтары арасында түрлі жүлделер ойнатылады.
Фестивальге кіру тегін. Шара сағат 12:00-де басталады.