Otpan News Logo

Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданының тұрғындарымен кездеседі

Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданының тұрғындарымен кездеседі

OTPANNEWS.KZ. – 6 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізеді.


Жиын сағат 11:00-де Бейнеу ауылындағы «Абыл» атындағы мәдениет үйінде өтеді.


Кездесуде өңір басшысы мен аудан әкімі атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.


Айта кетейік, былтыр Нұрдәулет Қилыбайдың Ақтау қаласында өткен үлкен есептік кездесуінен кейінгі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы 12 сағаттан астам уақытқа (күндізгі 14:00-ден келесі таңғы сағат 07:15-ке дейін) созылған. Бұл қабылдауда өңір басшысы 200-ден астам тұрғынның арыз-шағымы мен ұсынысын жеке тыңдаған еді.


11
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!