Otpan News Logo

Түпқарағанда мал иелеріне арнайы жарық шағылыстырғыш ленталар берілді

|
03.11.2026 16:04
Түпқарағанда мал иелеріне арнайы жарық шағылыстырғыш ленталар берілді

OTPANNEWS.KZ – Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. NCOC компаниясының демеушілігімен ұйымдастырылған шара Форт-Шевченко қаласы маңындағы жайылымдық аумақтарды қамтыды. 


Арнайы ленталар түнде көлік жарығына шағылысып, малды алыстан көруге мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңде жарық шағылыстырғыш құралдар Қосұйық пен Бесауыл аумақтарындағы мал иелеріне үлестірілді. Алдағы уақытта бұл жұмысты ауданның өзге де елді мекендерінде жалғастыру көзделіп отыр.


Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Керім Махмұт, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мерей Нұржауов, полиция қызметкерлері және NCOC компаниясының өкілдері қатысты.


Бастама мал иелерінің жауапкершілігін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

43
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!