Otpan News Logo

Абай болыңыз, қарақұрт! : Маңғыстауда улы өрмекшілер маусымы басталды

|
14.04.2026 12:10
Абай болыңыз, қарақұрт! : Маңғыстауда улы өрмекшілер маусымы басталды

Күн райының күрт ысуымен бірге Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтарында, соның ішінде Маңғыстау облысында улы қарақұрттардың белсенді кезеңі басталды. Мамандар биылғы аптап ыстықта бұл жәндіктердің елді мекендерге жақын жерлерде жиі көрінуі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Қарақұрт – Орталық Азиядағы ең улы жәндіктердің бірі. Оның уы қарапайым жылан уынан бірнеше есе күшті. Әсіресе, маусым мен шілде айларында, яғни шағылысу кезеңінде ұрғашы қарақұрттар өте агрессивті келеді. Олар көбіне шөлейтті жерлерді, тастардың арасын, ескі қора-жайларды мекендейді.


Қарақұрт шаққанда алғашқыда ауырсыну қатты білінбеуі мүмкін, бірақ 10-15 минуттан кейін дененің барлық бұлшықеттерінде (әсіресе құрсақ пен бел тұсында) қатты ауырсыну, тыныс алудың қиындауы және жүректің тез соғуы, қатты терлеу, құсу және бас айналу байқалады.


Егер сізді немесе жаныңыздағы адамды қарақұрт шақса, уақыт жоғалтпай әрекет ету қажет. Дереу жедел жәрдем шақыру керек. 


Халық арасында танымал және мамандар мақұлдаған әдіс — шаққаннан кейін алғашқы 2-3 минут ішінде сол жерді жанып тұрған сіріңке басымен күйдіру. Қарақұрт уы белоктан тұратындықтан, жоғары температурада ол тез ыдырап, қанға жайылып үлгермейді.


Удың қан айналымы арқылы тез тарамауы үшін науқасты қимылдатпай жатқызып қою керек. Ал су немесе ыстық шай ішу – уды бүйрек арқылы тезірек шығаруға көмектеседі.


Еске салайық, қара құрт шаққанда – өз бетінше емделуге болмайды. Қарақұрт уына қарсы арнайы сарысу (сыворотка) тек аурухана жағдайында ғана салынуы тиіс. Сондықтан кез келген жағдайда медициналық көмекке жүгінгеніңіз абзал.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!