Otpan News Logo

16 жылға созылған хикая: Әскери қызметшілер хабарсыз кеткен адамды табуға көмектесті

|
24.02.2025 17:00
16 жылға созылған хикая: Әскери қызметшілер хабарсыз кеткен адамды табуға көмектесті

Бірнеше ай бұрын Ақтау гарнизонына Эльвира есімді әйел хабарласып, көп жыл бұрын байланысы үзілген жиенін табуға көмек сұрап жүгінген. 16 жыл бұрын Эльвираның туған әпкесі қайғылы жағдайдан көз жұмғаннан кейін, артында екі жасар ұлы қалған. Баланы әкесі өзімен бірге Қазақстанға алып кетіп, көп ұзамай шаңырақ құрған. Содан бері бүлдіршіннің тәрбиесін атасы мен әжесі өз мойнына алған, – деп хабарлайды otpannews.kz әскери ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эльвира ұзақ уақыт жиенін іздегенімен, барлығы нәтижесіз болған. Ол алайда бірнеше жылдан кейін 18 жасқа толған жігіттің Маңғыстау облысында әскери борышын өтеп жүргенін естиді. Осы жаңалықты ести сала, Эльвира Маңғыстау облысы бойынша сарбаздардың аналары комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаеваға хабарласқан. Гүлмира бірден іске кірісіп, қажетті мәліметтерді жинай бастайды.

Іздеу кезінде Эльвираның жиені Асхаттың Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөлімінде қызмет етіп жүргені анықталды. Бөлім командирі, тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, психолог, сондай-ақ аналар комитетінің өкілдері Асхатпен тығыз жұмыс істеп, оны туған нағашы апасымен кездесуге моральдық, психологиялық жағынан дайындаған. Сол аралықта Эльвира жиенімен телефон арқылы хабарласып, әрбір әңгімелесу оларды көптен күткен кездесуге жақындата түскен

Бұл кездесудің әсерлі болғаны соншалық, көзге жас алмау мүмкін емес еді.

«Біз осы кездесуді ұйымдастыруға атсалысқан барлық жандарға шексіз алғыс айтамыз. Әсіресе, 25744 әскери бөлімінің командирі, гвардия полковнигі Азамат Сүлейменовке, тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, гвардия майоры Амангелді Рахымғалиевке, офицер-психолог,  гвардия капитаны Әділет Бейсеубаевқа және Гүлмира Жанысбаеваға зор алғыс айтамыз. Олардың еңбегі мен қамқорлығына ризамыз, бас иеміз», – деді Эльвира.

153
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!