Otpan News Logo

Жыңғылды ауылында сайлау науқаны қалыпты өтуде

|
29.11.2026 19:01
Жыңғылды ауылында сайлау науқаны қалыпты өтуде

Бүгін Жыңғылды ауылындағы №174 сайлау учаскесінде мәслихат депутаттарын сайлау науқаны белгіленген тәртіпке сәйкес өтуде.


Учаске төрағасы Райхан Жайтауованың мәліметінше, аталған сайлау учаскесінде жалпы саны 1260 сайлаушы тіркелген.


Таңертеңнен бері тұрғындар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауда. Қазіргі уақытта сайлау барысы тыныш, ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ.


Сайлау учаскесі кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін сайлаушылар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, дауыс бере алады.

60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!