Бейнеу ауданында Сайлау есімді азамат сайлау күні өз таңдауын жасады
Бейнеу ауданының Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Сайлау Ділманұлы Байбатыров №117 сайлау учаскесіне келіп, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
Есімі «Сайлау» болғандықтан, бұл күн ардагер үшін ерекше мәнге ие. Ол ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысып, азаматтық таңдауын жасады.
«Бүгінгі күннің мен үшін орны бөлек. Атымның өзі «Сайлау» болғандықтан, дәл осы күні өз таңдауымды жасау ерекше әсер сыйлайды. Әр азамат өз таңдауын жасап, азаматтық міндетін орындауы керек деп ойлаймын. Ел іргесі берік, халқымыздың бірлігі мықты болсын. Таңдауымыз елдің игілігіне қызмет етсін!» – деді Сайлау Ділманұлы.
Айта кетейік, Сайлау Ділманұлы ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, ауданның дамуына үлес қосқан. Еңбегі еленіп, Бейнеу ауданының «Құрметті азаматы» атанған.
Осылайша, есімі мен сайлау күнінің үйлесуі ардагердің дауыс беру сәтіне өзіндік ерекшелік сыйлады.
11
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев