Түпқарағандық спортшы Еркебұлан Сисенбаев мәслихат депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады
Бүгін, 29 қараша күні түпқарағандық спортшы, NAIZA лигасының жауынгері, әмбебап жекпе-жектен Қазақстан чемпионы Еркебұлан Сисенбаев Форт-Шевченко қаласында орналасқан №227 сайлау учаскесіне барып, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.
- Бүгінгі сайлау – әрбір азамат үшін маңызды науқан. Себебі елдің болашағына қатысты шешімдерге өз таңдауымыз арқылы үлес қоса аламыз. Сондықтан әр азаматтың сайлауға қатысып, азаматтық ұстанымын білдіргені дұрыс деп есептеймін, – деді Еркебұлан Сисенбаев.
Айта кетейік, Еркебұлан Сисенбаев өңірдің абыройын республикалық және халықаралық деңгейде танытып жүрген спортшылардың бірі. Ол NAIZA лигасында төрт мәрте жеңіске жетіп, әмбебап жекпе-жектен 80 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанған.
35
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев