Otpan News Logo

Жоба аяқталғанмен жауапкершілік жалғасады

|
18.11.2026 12:40
Жоба аяқталғанмен жауапкершілік жалғасады

OTPANNEWS.KZ. – «Oil Construction Company» ЖШС Маңғыстау өңірінің су қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған стратегиялық жобалардың бірі – Ақсу магистральдық су құбырының құрылысына елеулі үлес қосты. Жоба Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз етуге және өңірдегі су тапшылығын азайтуға бағытталған.


Компания консорциум құрамында «Кендірлі» теңіз суын тұщыландыру зауытынан Жаңаөзен қаласына дейінгі ұзындығы 101 шақырым магистральдық су құбырын тарту жұмыстарын орындады. Сонымен қатар жоба аясында екі күшейткіш сорғы станциясының құрылысы қарастырылды. Жұмыстарға аутстаффинг арқылы 80 қызметкер жұмылдырылды.


Жобаның аяқталуы компанияның өзі атқарған жұмыстарға қатысты жауапкершілігі де аяқталды дегенді білдірмейді. «Oil Construction Company» ЖШС орындалған жұмыстардың сапасына жауапкершілікпен қарап, пайдалану барысында жөндеу қажеттілігі туындаса немесе ақаулар анықталса, оларды қабылданған міндеттемелер мен келісімшарт талаптарына сәйкес жою жұмыстарын жүргізеді.


Құрылыс саласында нәтиже тек нысанды пайдалануға берумен өлшенбейді. Оның сенімділігі, сапасы және туындаған мәселелерге уақытылы ден қою да маңызды. Әсіресе ауызсумен қамтамасыз етуге арналған стратегиялық инфрақұрылым үшін бұл талаптың маңызы зор.


2002 жылы құрылған «Oil Construction Company» ЖШС мұнай-газ саласындағы құрылыс-монтаждау және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибе жинақтаған.


Ақсу жобасы компания мамандарының кәсіби еңбегінің нәтижесі әрі Маңғыстаудың су қауіпсіздігін нығайту жолындағы маңызды шара болды. Ал атқарылған жұмыстардың сапасына жауапкершілікпен қарау және қабылданған міндеттемелерді орындау серіктестіктің негізгі кепілі болып қала бермек.

10
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!