Otpan News Logo

Жаңаөзендегі №3 ауруханасының қызметкерлері референдумға барады

|
06.03.2026 16:14
Жаңаөзендегі №3 ауруханасының қызметкерлері референдумға барады

Жаңаөзен қалалық коалициясының мүшелері Рахат ауылындағы №3 емхана ұжымымен кездесті. Коалиция төрағасы Темір Мусаев ұжымды 15 наурыз күні өтетін Конституциялық референдумға белсенді қатысуға шақырып, күтілетін қоғамдық-саяси өзгерістердің ел болашағын жаңа арнаға бұратынын атап өтті.


Кездесуде сөз алған қалалық коалицияның өкілдері Ғалым Байжанов пен Исенбай Қалдаманов Конституцияның жаңаруы уақыт талабы екенін айтып, әділетті әрі прогрессивті қоғам құру жолында әр азаматтың белсенділігі маңызды екенін жеткізді.


Еліміздің қарқынды дамуы өмірімізге еніп жатқан оң өзгерістерге байланысты екенін түсінген дәрігерлер қауымы ел болашағы үшін референдумды қолдады.

166
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!