Otpan News Logo

Маңғыстауда түрлі мамандық иелері 8 наурыз мерекесіне орай құттықтау жолдады

|
08.03.2026 13:25
Маңғыстауда түрлі мамандық иелері 8 наурыз мерекесіне орай құттықтау жолдады

Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне орай ерекше құттықтау акциясы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Шара аясында өңірдің түрлі саласында еңбек етіп жүрген мамандық иелері өздерінің кәсіби қызметі туралы айтып, аналар мен аруларды мерекемен құттықтады.

 

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдағы әр мамандықтың маңызын насихаттау, еңбек адамдарының еңбегін дәріптеу және әйелдер қауымына құрмет көрсетуге бағытталған. Акция барысында медицина, білім беру, құқық қорғау, қызмет көрсету, мәдениет және басқа да салалардың өкілдері өз мамандықтарының ерекшелігі мен жауапкершілігі жайлы айтып берді.

 

Мамандық иелері өз сөздерінде қоғам дамуына үлес қосып жүрген әйелдердің рөлі ерекше екенін атап өтіп, мереке иелеріне ақжарма тілектерін жолдады. Олар әйелдерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен мол жетістік тіледі.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастарды еңбекке баулып, түрлі мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, қоғамдағы әйелдердің еңбегін бағалап, олардың өмірдегі және кәсіби саладағы орнын дәріптеуге мүмкіндік береді.

 

Маңғыстау облыстық Жастар ресурстық орталығы алдағы уақытта да жастарды қолдауға, қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтеруге және маңызды мерекелер аясында осындай мазмұнды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!