Жаңаөзендегі «Кендірлі» мәдениет үйінің ұжымы референдумға барады
Жаңаөзен қалалық коалициясының мүшелері «Кендірлі» мәдениет үйінің ұжымына жаңа Конституция жобасын таныстырды. Олар жаңа жобада білім, ғылым және инновациялар Преамбулада елімізді дамытуға бағытталған құндылықтар екенін атап өтті. Коалиция мүшелері мәдениет саласының қызметкерлерімен ұлттық өнерді дамыту, цифрлық даму және басқа да нормалар бойынша пікір алысты.
Коалиция өкілі Бердіғали Берекетов еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет және ең жоғары құндылығы адам мен оның өмірі, құқығы мен бостандығы екенін жеткізіп, Конституциялық референдум күні дауыс беруге шақырды.
Кездесуде коалиция мүшесі Исенбай Қалдаманов ұжымға жаңа жобада азаматтардың шығармашылық қабілетін дамытуға еркіндік берілгендігі, ұлттық мәдениетті қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау негізгі қағидаттардың бірі ретінде Конституциялық деңгейде бекітілгендігі туралы баяндалды.