Ұлболсын Смадиарова: «Референдум – әр азаматтың өз таңдауын жасау мүмкіндігі»
«Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС кадр маманы Ұлболсын Смадиарова алдағы маңызды саяси науқан – республикалық референдумға әр азаматты белсенді болуға шақырды.
– Референдум – ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын сәт. Мұндай жауапты кезеңде әр азамат өз таңдауын жасап, қоғам өміріне белсенді араласуы қажет деп санаймын. Сондықтан баршаңызды 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға қатысып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын, – дейді ол.
Ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерде халықтың пікірі әрдайым шешуші рөл атқарады.
Сол себепті әрбір қазақстандықтың референдумға қатысуы – ортақ болашағымызға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.
78
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев