Таңат Амалбаев: «Жаңа Конституцияда заман талабына сай жаңашыл нормалар көрініс тапқан»
Жаңа конституция ең алдымен халықтың игілігіне бағытталған. Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Таңат Амалбаевтың айтуынша, Жаңа Конституцияда заман талабына сай жаңашыл нормалар мен ел болашағына қызмет ететін маңызды қағидаттар көрініс тапқан.
«Жаңа Конституция – уақыт талабынан туындаған маңызды құжат. Онда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауды күшейту, экономикалық дамуға серпін беретін қағидаттар нақты айқындалған. Мұның барлығы елдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған», – дейді Таңат Амалбаев.
Сондай-ақ ол алдағы маңызды саяси науқан – референдумға қатысу әр азаматтың азаматтық жауапкершілігі екенін атап өтті.