Otpan News Logo

Нұрдәулет Қилыбай Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

|
08.03.2026 10:55
Нұрдәулет Қилыбай Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбай әйелдер қауымын төл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды otpannews.kz.


«Ардақты аналар, қадірлі әжелер, аяулы апа-қарындастар! Сіздерді көктемнің көркіне айналған, мейірім мен махаббаттың мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Әйел – өмірдің мәні мен сәні, отбасының берекесі, ұлттың ұйытқысы. Сіздердің мейірімдеріңіз бен жан жылуларыңыз әр шаңыраққа шаттық сыйлап, қоғамымыздың дамуына қуат береді. Ана тәрбиесімен сусындаған ұрпақ – ел болашағының берік негізі.


Қазақ халқы қашанда анасын ардақтап, қызын құрметтеген. Ұлттық салт-дәстүрді, рухани құндылықтарды сақтап, ұрпақ санасына сіңіруде сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің қоғамдағы орны мен рөліне әрдайым жоғары баға беріп келеді. Бүгінде нәзік жандылар еліміздің барлық саласында табысты еңбек етіп, ел дамуына сүбелі үлес қосуда.


Маңғыстау өңірінің өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға белсенді атсалысып жүрген қыз-келіншектеріміздің еңбегі қашанда құрметке лайық.


Қымбатты аналар мен арулар! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке, өмірлеріңізге қуаныш пен мол бақыт тілеймін. Әр күніңіз шуақты, әр сәтіңіз шаттыққа толы болсын!», - деді Нұрдәулет Қилыбай.


9
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!