Otpan News Logo

Логистика саласының мамандары референдумда дауыс береді

|
06.03.2026 17:33
Логистика саласының мамандары референдумда дауыс береді

Өңірлік коалицияның ақпараттық-түсіндіру тобы «NBC Group» ЖШС жұмысшыларына конституциялық мәртебе берілген «Әділетті Қазақстан» идеясы, «Заң және Тәртіп» қағидаты, азаматтардың құқықтарын сақтау нормаларын түсіндірді.


Коалиция өкілдері жаңа құжат нормаларына енгізілген өзгерістер арқылы еліміздің дамуын, халықтың тұрмысын жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік туатынын айтты. Олар ұжымға қоғамдық-саяси өзгерістерге және цифрлық, инновациялық жаңалықтарға байланысты өзгерістер енгізу қажет болғанын жеткізді. Осыған байланысты Конституцияның жаңа жобасы халыққа түсінікті мазмұнда қайта жазылғандығын, әрбір норма мен ережеге қатты мән берілгендігін атап өтті. Сонымен қатар ұжымды Конституциялық референдум күні азаматтық міндетін орындауға шақырды.


167
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!