Otpan News Logo

Дәстүрлі әнші Тыныштық Қармысова: «Референдумды қолдаймын»

|
07.03.2026 17:35
Дәстүрлі әнші Тыныштық Қармысова: «Референдумды қолдаймын»

Дәстүрлі әнші Тыныштық Қармысова алдағы референдумға қатысты өз пікірін білдіріп, бұл маңызды саяси науқанның ел болашағы үшін мәні зор екенін атап өтті.


Өнер иесінің айтуынша, мемлекет дамуы мен қоғамның тұрақтылығы әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сондықтан ел тағдырына бейжай қарамай, маңызды шешім қабылдайтын сәтте халықтың бірлік танытуы аса маңызды.


«Референдум – ел болашағы үшін дұрыс шешім деп білемін. Сондықтан қолдаймын. Әр азамат осындай маңызды кезеңде өз таңдауын жасап, мемлекетіміздің ертеңі үшін үн қосуы керек», – дейді дәстүрлі әнші.

Өнер адамдары да қоғамдағы маңызды бастамаларға бейжай қарамай, елдің бірлігі мен тұрақтылығын қолдайтынын осылайша білдіруде.

85
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!