Otpan News Logo

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Пәния Сармурзина «Құрмет» орденімен марапатталды

|
06.03.2026 14:32
Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Пәния Сармурзина «Құрмет» орденімен марапатталды

Астана қаласында Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Пәния Сармурзинаға «Құрмет» ордені табысталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Пәния Оңалбайқызы еңбек жолын кітапханашыдан бастаған. Кейін мәдениет басқармасында бас маман, басшы лауазымда 20 жылға жуық еңбек етті. 


Ол сондай-ақ ҚР ақпарат және мәдениет министрлігінің «Құрмет» грамотасымен, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


Пәния Сармурзина 1968 жылы Маңғыстау облысы Тұщыбек ауылында дүниеге келді. 1985 жылы орта мектепті бітіріп, Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы мәдени ағарту училищесіне түсіп, 1987 жылы үздік дипломмен бітірді. Сол жылы білімін Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтына түсіп, үздік дипломмен бітіреді. 2015 жылы Алматы менеджмент университетінде "Іскерлік әкімшілік" мамандығы бойынша магистратураны бітіріп шықты.

385
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!