Бауыржан Нарбаев Линц Гран-приінде жүлдесіз қалды
Дзюдодан 6 наурызда Аусрияның Лицн қаласында басталған Лицн Гран-приінде маңғыстаулық Бауыржан Нарбаев жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды otpannews.kz.
66 келіде белдескен жерлесіміз алғашқы айналымда Италия балуаны Робин Жараны жеңген еді. Алайда екінші кезеңде жерлесіміздің жолын испаниялық Гарсия Торне кесті.
Аталған турнирдің бірінші жарыс күніде ҚР ұлттық құрамасының 4 балуаны жүлде үшін белдескен болады. Алайда олардың арасынан тек Шерзод Давлатов қана қола жүлдеге қол жеткізді.
Ал Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем біріншілігінің үш мәрте жүлдегері Абиба Әбужақынова қола үшін күресте есе жіберді. Ал жақында ғана Париж Гранд Слэмінде қола медаль иеленген Аман Бақытжан үшінші орын үшін белдесуде отандасымыз Шерзод Давлатовқа жол берді.
Линц қаласында өтіп жатқан дәстүрлі турнир 8 наурызда аяқталады. Аталған сынға әлемнің 59 елінен 479 дзюдошы қатысып жатыр.