Otpan News Logo

Маңғыстаулық мәдениет саласының ардагері «Құрмет» орденімен марапатталды

|
07.03.2026 11:38
Маңғыстаулық мәдениет саласының ардагері «Құрмет» орденімен марапатталды

Түпқараған ауданының мәдениет саласының ардагері, музей ісінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген Айгүл Балабаева «Құрмет» орденімен марапатталды, деп жазады otpannews.kz.


Марапат Астана қаласында халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай өткен салтанатты іс-шарада берілді. Жоғары мемлекеттік награданы ҚР премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.


Айгүл Балабаева – Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі Түпқараған аудандық филиалының меңгерушісі. Ол 40 жылға жуық уақыт бойы музей саласында еңбек етіп, өңірдің мәдениеті мен тарихи мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау бағытында нәтижелі қызмет атқарып келеді.


Мәдениет саласының дамуына қосқан сүбелі еңбегі үшін берілген бұл марапатты Айгүл Сәрсенғалиқызы көпжылдық адал қызметтің жемісі деп біледі.

134
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!