Otpan News Logo

Коммерциялық ғимараттарды салатын компания өкілдері референдумға барады

|
06.03.2026 17:36
Коммерциялық ғимараттарды салатын компания өкілдері референдумға барады

Өңірлік және қалалық коалицияның өкілдері «Су Ундуз» ЖШС жұмысшыларын жаңа Конституция жобасындағы әр азамат үшін маңызды нормалармен таныстырды. Ақпараттық-түсіндіру тобы Конституциялық комиссияның жаңа жобаны азаматтарды, саяси партияларды, қоғамдық ұйымдар мен сарапшыларды қатыстыра отырып, жан-жақты талдаудан өткізіп әзірлегендігін атап өтті. Сонымен қатар Конституцияда азаматтардың еңбегі мен тұрмысы үшін берілген мемлекеттік кепілдіктердің сақталатындығын айтты.


Жиында сөз алған коалиция мүшелері қоғамдық-саяси реформалардың Президенттің бастамасымен қолға алынғандығын баяндады. Олар Ата заң жобасында азаматтардың құқығы бірінші орынға қойылғандығын атап өтіп, Халықтық Конституцияны қолдауға шақырды.

86
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!