Жаңаөзендегі №3 мұнай-газ өндіру басқармасының жұмысшылары референдумге барады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның жаңа Халықтық Конституциясы үшін!» Жаңаөзен қалалық коалициясының мүшелері №3 Мұнай-газ өндіру басқармасы ұжымымен кездесу өткізді. Қалалық коалиция мүшесі Исенбай Қалдаманов жаңа Конституцияныңадам құқықтары мен отбасы құндылықтарына қатысты енгізілген жаңа баптарға тоқталды.
Кездесуде өңірлік коалиция өкілі Бердіғали Берекетов жаңа Конституциядағы өзгерістерге назар аударып, жаңа Конституцияда білім, ғылым, инновация және цифрлық даму бағыттарына басымдық берілгенін атап өтті.
Жастар атынан сөз алған Рамазан Тұрмағанбет пен Али Магни жаңа Конституцияда жастарға берілген мүмкіндіктер туралы айтып, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекеттің негізгі құжатын қолдап дауыс беру үлкен жауапкершілік екенін жеткізді. Олар жастарды 15 наурыз күні белсенді қатысуға шақырды.
Кездесуде басқарма ұжымы тіл және медицина салаларына қатысты сұрақтар қойып, коалиция мүшелерінің жауабын алды.