Дубайда қалған ақтаулық жолаушыларға билет ақшасы толық қайтарылады немесе тегін ауыстырылады
pixabay.com
Ақтау-Дубай-Ақтау бағытындағы рейс жолаушыларына билеттің толық құны қайтарылады немесе сатып алған жері бойынша тегін қайта брондау мүмкіндігі ұсынылады. Бұл туралы Fly Arystan әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға және өңірдегі қолданыстағы шектеулерге байланысты Ақтау-Дубай-Ақтау бағыты бойынша FlyArystan рейстері уақытша тоқтатылды. Бұл жолаушыларға айтарлықтай қолайсыздық туғызатынын түсінеміз және жолаушыларды Қазақстанға мүмкіндігінше тезірек қайтару үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Халықаралық әуе тасымалының қолданыстағы ережелеріне сәйкес, форс-мажор жағдайында тасымалдаушының міндеттемелері билет құнын қайтарумен немесе мүмкіндік болған жағдайда балама тасымал ұсынумен шектеледі. Соған қарамастан, FlyArystan жолаушыларына алдағы әрекеттерін үйлестіруге уақыт беру үшін әуе компаниясы есебінен бір тәулікке қонақүйде тұру мүмкіндігі ұсынылды, — делінген хабарламада.
5
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев