Жадыра Күбірбаева: Референдум – әр азаматтың болашаққа жасаған таңдауы
Бүгін қоғам талқысындағы маңызды мәселелердің бірі – референдум. Бұл – мемлекеттің негізгі заңы ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындап, елдің даму бағытын белгілейтін стратегиялық құжат.
Жаңа редакциядағы Конституция қоғам сұранысына сай жаңартылып, әділетті мемлекет құру қағидатына негізделген. Құжаттың басты мақсаты – адам құқықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін нығайту және халықтың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Бұл өзгерістер елдің тұрақты дамуына серпін беріп, әрбір азаматтың құқығын қорғауға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.
Осы орайда Құрық ауылының тұрғыны Жадыра Күбірбаева жаңа Конституцияның маңызын атап өтіп, 2026 жылдың 15 наурызында өтетін референдум – әр азаматтың өз таңдауын жасауына берілетін тарихи мүмкіндік екенін жеткізді. Ол барша қазақстандықтарды референдумға белсенді қатысуға шақырды.