Otpan News Logo

Маңғыстаулық ақсақалдар референдумға барады

|
26.02.2026 11:08
Маңғыстаулық ақсақалдар референдумға барады

Облыс ақсақалдары бас қосып, жаңа Конституцияға үн қосты. Отырыстың негізгі мақсаты – Конституциялық реформаның мәні мен маңызын талқылау, қоғамдық қолдауды күшейту және алдағы референдумға азаматтық белсенділікті арттыру.


Кеңес барысында қоғамдық келісімді нығайту, саяси жаңғыру үдерістеріне азаматтардың қатысуы және ел дамуы үшін ұсынылып отырған өзгерістердің стратегиялық маңызы сөз болады.


Жиында сөз алған МО ҚХА жанындағы облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов:- Конституциялық өзгерістер – еліміздің болашағына бағытталған маңызды қадам. Әр азамат референдумға қатысып, өз таңдауын білдіру арқылы мемлекет дамуына үлес қоса алады. Бұл – ортақ жауапкершілік әрі азаматтық парыз, – деп атап өтті.


Осылайша, облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшелері өңір тұрғындарын алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырып, ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанда азаматтық ұстаным танытуға үндеді.

96
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!