Otpan News Logo

Мұнай бұрғышылары референдумге барады

|
26.02.2026 16:34
Мұнай бұрғышылары референдумге барады

Бүгін Жаңаөзен қалалық коалициясының ақпараттық-түсіндіру тобы №3 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасының жұмысшыларымен кездесті. Олар ұжымға Конституциялық реформа бойынша адам құқықтары мен бостандығына берілген кепілдіктер, заң нормаларына енгізілген түзетулер туралы баяндады. Ата заңға енгізілген өзгерістердің мақсаты еліміздің тәуелсіздігін баянды ету және адам құқықтарының сақтауға арналғаны жөнінде түсінік берілді.


Коалиция мүшесі, Жаңаөзен қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Исенбай Калдаманов жаңа Конституция азаматтарға елдегі негізгі шешімдерді қабылдауға қатысып, Халық Кеңесіне ұсыныстар енгізуге, заңдар мен стратегиялық бастамалар көтеруіне мүмкіндік беретіндігін атап өтті.


Жиында коалиция мүшелері ұжымды Конституциялық референдум күні ауызбірлік танытуға шақырды.

77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!