Otpan News Logo

Маңғыстаулық ерлі-зайыпты қызғалдақ өсірумен айналысады

|
04.03.2026 15:16
Маңғыстаулық ерлі-зайыпты қызғалдақ өсірумен айналысады

Маңғыстаулық отбасы 2023 жылдан бері жылыжайда қызғалдақ өсіріп келеді. Көктемнің белгісіне айналған қызғалдақтың 6 түрін өсіретін жылыжай биыл 3000 түп қызғалдақ еккен, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Алғашқыда тек маусымдық кәсіп ретінде гүл сатқан бұл отбасы қызғалдақты егуге дайындық жұмыстары қазан айында бастайтынын айтады. 


“Қызғалдақтар 2-2,5 ай ішінде өсіп шығады. Бірақ дайындық қазанда басталады. Осы уақытқа дейін біз еккен рекордтық көрсеткіш – 15 мың қызғалдақ. Бізде қызғалдақтың Ad Rem — қызғылт сары, Strong Love — қызыл, Strong Gold — сары, White Prince — ақ, Ace Pink — қызғылт және Purple Flag — күлгін сорттары бар”,- деді Динара Қартбаева. 


Отағасы Оразгелдінің айтуынша, бұл істі ең алғашында ағасы бастаған. Қызғалдақ сатуға ағасы Оразгелді мен қарындасын да жұмылдырған. 2019 жылы басталған бұл үрдіс 2022 жылға дейін жалғасқан. Кейін сол жылдың соңына жақын жылыжай құрылысы аяқталған. 


“2023 жылдың көктеміне қарай қызғалдақты өзіміз өсіріп көруге шешім қабылдап, күйеуім ерте гүлдету технологиясын зерттей бастады. 2023 жылы біз өте аз мөлшерде ғана — бар болғаны 1200 дана отырғыздық. Соның ішінен 700–800 дана өсіп шықты. Сол сәттен бастап бұл істің мүмкін екенін түсіндік”,- деді Динара Қартбаева. 


Кәсіпкерлер отбасы биыл 3500 қызғалдақ еккен. Қызғалдақ тек көктемде өсіп шығатындықтан одан кейін редис сеуіп, «Айсберг» салаты отырғызылады. Сөйтіп, жазда көк шөптер, қияр және қызанақ өседі.

45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!