Otpan News Logo

Таяу Шығыстағы 10 мыңға жуық қазақстандық қалай эвакуацияланады?

|
04.03.2026 17:50
Таяу Шығыстағы 10 мыңға жуық қазақстандық қалай эвакуацияланады?
zakon.kz

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Таяу Шығыс елдеріндегі қазақстандықтарға қатысты жаңартылған мәліметті жариялады, деп хабарлайды otpannews.kz kursiv.kz-ке сілтеме жасап.

 

Қазіргі дерек бойынша Иранда 47 қазақстандық, Израильде 163, Катарда 3 000-нан, Біріккен Араб Әмірліктерінде 4 000-нан астам, Сауд Арабиясында шамамен 1 800 азамат бары белгілі болды.

 

Эвакуациялау барысында басымдық кәмелетке толмағандарға, қарттарға, жүкті әйелдерге және мүгедектігі бар адамдарға беріледі.

 

Министрлік мәліметінше, сенбіден бері Таяу Шығыс елдерінен 946 қазақстандық елге қайтарылған. Бүгін тағы 800-ден астам азаматты эвакуациялау жоспарланып отыр.

 

Құзырлы органдар жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, шетелдегі отандастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын атады.

 

63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!