Құрық портының жұмысшылары референдумға барады
Құрық порты – еліміздің көлік логистикасында маңызы зор нысан. Теңіз арқылы жүк тасымалдау көлемі жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар жаңа Конституцияда көрсетілгендей жұмыс үдерісін цифрландыру әдістері енгізілуде.
Бүгін өңірлік және Қарақия аудандық коалициясының мүшелері Киікбай Жаулин, Нұри Тумышев, Анар Шамшадинова, Ержан Бекниязов, Жанғабыл Қалаубай, Қилымғали Көшенов Құрық портының жұмысшыларымен кездесті. Спикерлер жаңа Конституцияға алғаш енгізілген ережелерді және нормаларды, азаматтарға берілген мемлекеттік кепілдіктерді таныстырды.
Жиында жаңа Конституцияның баптарына сәйкес азаматтардың құқықтары түсіндіріліп, қауіпсіздік және гигиеналық талаптарға сай еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыс берушілер мен мемлекет еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік бергендігі айтылды.
Іс-шарада спикерлер жаңа Конституцияның адам иілігіне басымдық берілгенін атап өтті. Сонымен қатар ұжым мүшелерін Конституциялық референдумда азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.
#референдум2026
#жаңаКонституция